Бағдад. Ирақтағы БҰҰ-ның арнайы өкілі Ирақтағы көтерілісшілер шабуылдарының жалғаса беруі елді желтоқсандағы парламент сайлауында дауыс беруден үркітуі мүмкін деп ескертті. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның өкілі Ашраф Қази БҰҰ сайлау алдында Ирақта қауіпсіздік жағдайы жақсарып, нығая түседі деп үміттенеді дейді. Ол сондай-ақ ирақтықтарды 15-желтоқсанда парламент сайлауына белсене қатысуға шақырды.