ГРОЗНЫЙ. Сайлаудың бастапқы нәтижелеріне қарағанда, Мәскеушіл “Единая Россия” партиясы жеңіске жеткен көрінеді. Ресми мәліметке сәйкес, жалпы сайлаушылардың 57 пайызға жуығы дауыс берген. Алайда, Шешенстан көтерілісшілері бұл деректерді жоққа шығарып, сайлауға 7 пайыз немесе одан да кем дауыс берушілер қатысқан дейді. Қос палаталы парламенттегі 58 орын үшін барлығы 351 үміткер сайлау бәйгесіне түскен.