АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Еуроодақ елдерінде құпия түрмелерін ұстад ма?

БРЮССЕЛЬ. Бүгін Еуроодақ сотының бас өкілі Франко Фраттини АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс “Еуроодақ елдерінде АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының “құпия түрмелерін” бар” деген ақпарға тиянақты жауап беруге тиіс деп мәлімдеді. Ф.Фраттини ондай сауалға К.Райс ханымнан алдағы аптада НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі бас қосуына келгенінде жауап беруін өтінбекші. Онымен қарама-қатар бүгін неміс канцлері А.Меркель ханым “Вашингтон Пост” газетінде таяуда жарық көрген мақаладан шыққан әлгі хабарға ресми Вашингтон кешіктірмей жауап береді деп сенетінін атап көрсетті. Осы күні Еуропа Кеңесі Еуропа елдерінде Орталық барлау басқармасының “құпия түрмелері бар” деген ақпарды тиянақты тексеру үстінде.