Ирақтағы бүлікшіл күштер АҚШ базасы мен Рамади қаласындағы жергілікті үкімет үйіне шабуыл жасаған

Бетін бүркемелеген бірнеше қарулы жасақ ол ғимараттарға минометтен оқ атқан. Бұл шабуыл сәрсенбі күнгі Рамадиге жақын жерде АҚШ пен Ирақ әскерлерінің бірлесіп өткізген операцияларынан кейін болып отыр. АҚШ президенті болса, бұл елден американ күштері Ирақ әскері қалыптасқан соң ғана шығарылады деп айтқан.