Ресей Думасында президент Владимир Путиннің ұсынған, бұрынғы Совет елдерінің азаматтарына Ресей азаматтығын жеңілірек алуға мүмкіндік беретін заң жобасы қаралатын болады. Ол жоба Ресейдің мемлекеттік демография саясаты үшін де маңызды. Әрі Ресейдің халық аз тұратын аймағын дамыту үшін миграциялық саясат жүргізу қажеттігін көтереді.