Киев. Бүгін Украина астанасындағы форумда бұрынғы Совет одағында болған 9 мемлекеттің президенттері демократияны дамытуға арналған аймақтық топ құратын декларацияға қол қойғандықтарын жариялады. Демократиялық таңдау қауымдастығы деп аталатын бұл топқа Украина, Молдова, Латвия, Литва, Эстония, Румыния, Македония, Словения және Грузия сияқты тоғыз ел кірді. Форумға басқа да елдер мен халықаралық ұйымдардың жоғары дәрежелі өкілдері көптеп қатысты. Форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Украина президенті В.Ющенко қауымдастық үшінші бір елге қарсы бағытталған емес деп атап айтты.
- Бүгінгі форум Балтық теңізі аймағының елдері мен Шығыс Европа, Балқан, Қара теңіз және Кавказ елдерінің арасындағы жаңа форматтағы ынтымақтастыққа және ашық диалогқа құрылған, - деді президент Ющенко.