ҚР президенттігінен үміткер, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың сенімді өкілі әрі Алматы қалалық штабының басшысы Асылбек Қожахметов 19 қарашада Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Ирина Кислицинаның штаб жұмысын бейне таспаға түсіргені үшін берген талап арызына шығарған Алмалы аудандық сотының шешімімен келіспей қалалық сотқа шағымданған болатын. Бұл істі сенбі күні қалалық сот қарады.
Алматы қалалық сотының судясы Норбекова өзінің әріптестерімен ақылдаса келе президенттіктен үміткер, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың сенімді өкілі әрі Алматы қалалық штабының басшысы Асылбек Қожахметовтың Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ирина Кислицинаның штабтарының жұмысын бейне таспаға түсіргені үшін берген талап арызына шығарған аудандық сот шешімін өзгеріссіз қалдыратындықтары жөнінде үкім шығарды.
Алайда президенттіктен үміткер, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың Алматы қалалық штабының адвокаты Сергей Уткин қалалық сот шешімімен келіспейтіндігін айтады. Оның пікірінше, аталған шешім алдын-ала дайындалып қойған. Тек оны Алматы қалалық соты оқып берді дейді.
Сергей Уткиннің айтуынша, 19 қарашадағы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Ирина Кислицинаның Ж.Тұяқбайдың Алматы қалалық штабы жұмысын бейне таспаға түсіргені жөніндегі барлық айғақты дерекетермен қатар бейне таспалар негізге алынбаған. Және де ол аудандық сотта талап етілген барлық іске қатысты куәгерлердің сотқа шақырылмағаны сияқты қалалық сотта да біздің бұл жөніндегі өтініштеріміз ешқандай ескерусіз қалды дейді. Сондықтан осы жайттарды ескере отырып, судиялардың әділ шешімі шығармасына көзім жеткен соң, осы істі жүргізген судьиялардан бас тарқанымызбен ол әрекеттен ештеңе шықпады дейді.
Ал аталған оқиғаның тікелей куәгері президенттіктен үміткер, «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың сенімді өкілі әрі Алматы қалалық сайлау штабын басқаратын Асылбек Қожахметов:
«Бұл іске құқық қорғау қызметкерлерінің қатысы барлығын Алматы қалалық ішікі істер департаменті бастығының орынбасары мен алып қойған бейне таспаның өздерінікі екенін айтып, қайтарып беруімді талап етіп дәлелдеген болатын. Дегенмен қалалық сот та, аудандық сот та бұл дәйектерге мән бермеуі түсінікті жайт», - дейді.
Сондай-ақ ел президенттігінен үміткер, «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың сенімді өкілі әрі сайлау компаниясының басшысы Болат Әбілев:
«Бұл дәлелді жайтты соттар мойындамағанымен сайлау науқаны барысындағы бізге қарсы бағытталған заң бұзушылық әрекеттер мен қысымдардың бір көрінісі іспетті Алматы қалалық сайлау штабымызды бейнетаспаға түсіру арқылы қазақстанның құқық қорғау органдары бізге қатысты өз істерін әшкере етіп алды», - деген тұжырым жасайды.
Және де президенттіктен үміткер Ж.Тұяқбайдың сенімді өкілдері аталған іс бойынша Қазақстанның Жоғарғы сотына шағымданатындықтарын айтып отыр.