БАҒДАД. 15-інші желтоқсанға тағайындалған парламент сайлауына әзірлік жүріп жатқан Ирақта кеше көтерілісшілердің тасадан ұйымдастырған шабуылынан 19 Ирақ жауынгері құрбан болды. АҚШ пен Ирақ үкіметі сайлау қарсаңында көтерілісшілердің шабуылы үдей түсетінін ескерткен болатын. Англиядағы соғысқа қарсы қозғалыстың жетекші мүшесі өткен аптада көтерілісшілердің қолына тұтқынға түскен 4 христиан белсендісін босату мақсатымен кеше Ираққа келді. Әлгі 4 шетелдікті тұтқында ұстап отырғандар АҚШ әскері мен Ирақ түрмелерінде отырған барлық тұтқын 8-інші желтоқсанға қарай босатылмаса, тұтқындарды құрбандыққа шалатындарын ескертті.