Онда ол Германияның жаңа канцлері Ангела Меркелмен кездеспекші. Содан кейін сапар Румынияға жалғасатын болады. Бұл елде АҚШ әскери базаларын ашу ісіне жол ашатын арнайы келісімдерге қол қойылмақшы. АҚШ Орталық құпия агенттігінің шетелдерде құпия түрмелері бар, онда тұтқындарды қинау орын алуда, деген тұжырым жөнінде тікелей пікір білдіруден Райс ханым бас тартты.