БАКУ. Әзірбайжан оппозициясының ең басты “Азадлығ” блогі жаңа парламенттің мәжілісіне байкот жариялайтынын мәлімдеді. Осы блоктің лидері Әли Керімлидің атап көрсетуінше, қараша айында жаппай заң бұрмалаушылықпен өткен парламент сайлауында жасақталған жаңа парламенттің заңдылығын оппозиция мойындамайды. Сайлаудың ресми қорытындысына сәйкес, “Азадлығ” блогі парламенттегі 125 депутаттық мандаттың алтауын ғана алды. Парламенттегі орындардың басым көпшілігі – президент жағындағы “Ени...”, яғни “Жаңа Әзірбайжан” партиясының үлесінде. Оппозиция сайлаудың қорытындысын жоюды талап етіп бірқатар наразылық шарасын өткізді.