Ирақтың бұрынғы диктаторы - өлімнен қорықпайды және өзінің айыбын мойындамайды

БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеин мен оның жақын 7 үзеңгілесінің ісі бойынша сот процесінде кеше жаңа куәгер әйелге сөз берілді. С.Хусеин мен үзеңгілестеріне 1982-нші жылы шийттердің Дуджайыл ауылының тұрғындарын жаппай қырды деген айып тағылып отыр. Куәгер әйел Әбу-Грайб түрмесінде өзі мен өзге әйелдерді қалай қинап, жәбірленгенін айтып берді. Бұл әйел өзінің аты-жөнін атамады, сотта перденің арғы жағында тұрып сөйледі, оның дауысы арнайы аппаратпен өзгеріп шықты. Өз кезегінде С.Хусеин тағылған айыптарды “негізсіз” деп бағалап, өзі өлім жазасына кесілсе, өлімнен қорықпайтынын мәлімдеді.