Иран халқы әскери ұшақтың апатынан құрбан болған журналистерін аза тұтуда

ТЕҺРАН. Бүгін Иран әскери ұшақтың кешегі апатынан қаза болғандарды аза тұту үстінде. Кеше 94-ке жуық жолаушы отырған әскери ұшақ Теһран қаласының шетінде 10 қабатты тұрғын үйге соғып қирап, кемінде 116 адам құрбан болды, оның 22-сі – жерде қаза болды. Хабарларға қарағанда, негізінен әскерилер мен олардың отбасылары тұрған әлгі үй ұшақтың соққысынан өртене бастаған. Ал ұшақта Бандар-Аббас портында өтетін әскери жаттығуға бара жатқан 70-ке тарта Иран журналисі отырған. Полицияның хабарлауынша, ұшқыш ұшақтың моторы істен шыққанын хабарлап, Теһранның Мехрабад әуе жайына қонуға рұқсат сұрап үлгерген. Еуроодақ адам қазасына байланысты ресми Теһранға көңіл айтты.