БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстан сияқты ортаазиялық елдер шекара қатыныстарын арттырса кедейшілік мәселесін шешуге оңай болады деп жаңа баяндамасын жариялады. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан шекара және кеден бақылауы қызметтерінде әріптестікті арттырса жөн деп айтылды. Ортаазиялық елдердің арасында сауда және шекара шектеулері алынса, осы салалардағы үкімет саясаттары жақсарса аймақтағы экономикалық дамуға оң әсері тиеді дейді БҰҰ. Шекара жәке кеден қызметтерін жетілдіру терроризмге қарсы және есірткі тасымалына қарсы күреске де септігін тигізбек.