Желтоқсанның 9-ы күні Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен «Тұран-Әлем» банкі 14 желтоқсаннан бастап, «Наурыз банкі» салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлей бастайтындығын жариялады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бас директоры Бақыт Мәженова Наурыз банкі салымшыларының депозиттері бойынша өтемді төлеуге қабілетті банкілер арасында жүргізген тендердің қорытындылары бойынша «ТұранӘлем» банкі таңдалып алынғанын айтады. Сөйтіп, «Наурыз банкінің» 20 мың салымшысының жалпы сомасы 1 миллиард теңгені құрайтын қаржысын «ТұранӘлем» банкі төлей бастамақ. Үстіміздегі жылдың 16 қарашасында сот «Наурыз банкін» мәжбүрлеп тарату жөнінде шешім қабылдап, ол 2 желтоқсаннан бастап күшіне енген болатын.
«Ендігі біздің аталған банк салымшылары алдындағы міндетімізді «ТұранӘлем» банкі өз мойнына алып отыр», - дейді Бақыт Мәженова.
Алайда «Наурыз банкі» салымшыларының ортақ өз талаптары да бар дейді аталған банк салымшыларының бірі Лидия Макаренко. Оның айтуынша, Қазақстанның Ұлттық банкі төлемдерімізді бөліп-бөліп емес, бір сәтте барлығын өсімімен төлеу мәселесін шешуі қажет. Дегенмен «Тұран-Әлем» банкінің салымшыларымен жұмыс істейтін менеджері Элинчи Абдуллаев «Наурыз банкі» салымшыларын сабырға шақырып отыр.
«Шамалы шыдамдылық танытса, төлемдердің барлығын өздері ойлағандай заң шеңберінде қайтарамыз. Қазір «Тұран-Әлем» банкінің 150 мыңнан аса салымшысы бар. Оның жанында «Наурыз банкінің» 20 мыңнан аса салымшысының қаржысын қайтару бізге еш қиындық туғызбайды», - дейді ол.
Ал «ТұранӘлем» банкінің басқарма төрағасы Садуақас Мәмештегі бұл шарадан өздерінің пайда көретіндіктерін ең бастысы салымшыларының қатары көбейетіндігін айтып отыр.
Сондай-ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бас директоры Бақыт Мәженова бұл өтемдерді төлеуге қабілетті «ТұранӘлем» банкі елдегі ең ірі қаржы институты болғандықтан сенімді ақтайды деген пікірде.
Бұдан бұрын «Наурыз банкінің» басқарма төрағасы болған Оразалы Ержанов банк қызметіне байланысты өзіне Қазақстанның бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерінен қысым көрсетілгені жөнінде мәлімдеген болатын. Содан кейін көп ұзамай бұл банктің жұмысы тұралап, ақыры ол жабылып тынды.