Солтүстік Кореядағы адам құқықтарының жағдайына халықаралық деңгейде талап қою керек деп мәлімденді

АҚШ-тың Солтүстік Кореядағы адам құқықтары бойынша елшісі Джей Лефковиц елдегі адам құқықтарының күрделі жағдайына халықаралық деңгейде талап қою керек деп мәлімдеді. АҚШ елшісі бұл сөзін Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен конференцияда айтты. АҚШ елшісі Джей Лефковиц Солтүстік Корея елі қатты дағдарысқа ұшырап отыр, заң мәртебесі мұнда түн ортасында есік қағу деңгейінде, елдегі адам құқықтарын жақсарту аймақтағы тұрақтылықты арттыру үшін қажет деді. Солтүстік Корея үкіметі адам құқықтары жағдайына қатысты сынмен әдетте келіспейді, мұндай сынды АҚШ бастаған саясат, мұның мақсаты Ким Чен Ир үкіметін құлату деп қабылдайды.