Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлау бұрмаланды деген шағымдарды тексеріп жатырмыз деп мәлімдеді. 4 желтоқсанда өткен сайлауда президент Н. Назарбаев 91 пайыз дауыс жинады деп жарияланған. Батыс бақылаушылары сайлау бұрмаланды дейді. Назарбаевтың қарсыласы, оппозиция үміткері Жармахан Тұяқбай шамамен жеті пайыз жинады деп ресми айтылды. Жармахан Тұяқбай сайлау әділ өткен жоқ, сайлау қортындылары жойылсын деп талап қойып отыр.