Қытайда наразылық танытушылардың қаза болғаны расталды

БЕЙЖИН. Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен аптада полиция қызметкерлері наразылық шарасына қатысқан үш адамды атып өлтірген, ал бұл атысқа бұйрық берген елдің ресми өкілі қамауға алынған. Сөйтіп Гуангдонг провинциясында шеруге шыққан наразылық танытушылардың қаза болғандығы туралы хабар алғашқы рет ресми түрде расталып отыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиғада 20-ға жуық адам өлтірілген.