НЬЮ-ЙОРК. Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуы жайттарын тергеген неміс тергеушісі Детлив Мехлис оның барысы туралы екінші есебін БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннанның қолына Нью-Йорк қаласында бүгін түнде тапсырды. Есеп Қауіпсіздік Кеңесінің назарына бүгін кешірек ұсынылып, ал Д.Мехлис Кеңестің 15 мүшесі алдында ертең – сейсенбі күні есеп беруге тиіс. Өзінің бірінші есебінде Д.Мехлис Әл-Харириге қарсы ұйымдастырылған қастандыққа байланысты Сирияның жоғары лауазымды өкілдері мен олардың ливандық сыбайластарын айыптаған болатын. Сирия бұл айыпты “негізсіз” деп бағалап, “саяси тапсырысты орындады” деп Мехлистің өзін айыптап шықты.