2006 жылы Қазақстанда азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа заң қабылданады. Кейбір дәрігерлердің айтуынша, ескі заңның осал тұстары көп, сондықтан Қазақстанда ауруларды емдеу жұмыстары ойдағыдай атқарылмай келеді.
Дәрігерлердің пікірінше, заңдарға енгізілген өзгерістерден кейін ауруларды емдеуге шыққан жедел жәрдем көмегі азаюға тиіс. Ал, Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, соңғы рет аталған заңға енгізілген өзгерістер 1997 жылы, яғни, 8 жыл бұрын болған. Сондықтан, заңның көптеген тұстары жаңартуды қажет етеді, деп хабарланып отыр. Бірақ, бұл жаңа толықтырулар тым көп болғандықтан ескі заңды өзгертудің орнына мүлде жаңа заң шығару жоспарланған. Оның сыртында, денсаулық сақтау саласында тағы 10 заң қолданылып келеді. Ал, Астана қаласының №1 перзентхананың бас дәрігері Ольга Кушнаренконың айтуынша, заңда әйелдерді ертерек тіркеуге тұруы шарт деп жазылған.
«Бірақ, оны бәрі біле бермейді, нәтижесінде, біз әйелдің, не перзенттің ауру екендігін кеш білеміз. Жуырда, соның кесірінен екі бала қаза болды», - дейді ол.
Астана қаласының №1 перзентхананың бас дәрігері Ольга Кушнаренконың айтуынша, көптеген елдердегідей және Ресейдегідей ертерек дәрігерге қаралған аяғы ауыр әйелдерге жәрдемақы беру керек.
«Және қаржыны баланың кішкентай кезінде салған тиімді. Өйткені, бұл ересек болып ауруы емделмей қалған адамға салғанан гөрі тиімдірек», - дейді ол.
Ал, «Даналық» медициналық колледжінің маманы Бақыт Жұматованың айтуынша, ескі заңнан алынып тасталған баптарды қайтару керек:
- Әр мекеменің бастығы қол астында медпункт ашуы керек және аурулар көбейсе, олардан заң бойынша сұрау керек.
Даналық медициналық колледжінің маманы Бақыт Жуматованың айтуынша, соңғы кезде кәсіпорындарда аурулар көбейген. Бірақ, заңға өзгеріс енгізіп қаржы бөлсе, бұл жағдайды ретке келтіруге болады, дейді ол:
- Жұмысшылардың арасында гастрит болса, асхана жоқ. Жұмысшылар үйден тамақ әкелсе, әрине гастрит болады. Шараларды қаталдату керек. Мекеме басшыларынан сұрау керек, заңға соны енгізу керек және бұрынғыдай шипажайлар ашу керек.
Осы сияқты ұсыныстарға орай, болашақта саланы реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында денсаулық сақтау саласындағы дербес бөліктері үшін заңдар жасалуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, көптеген шет елдерде бір саланың бөліктеріне арналған жеке заңдар жасалады. Ал, парламент депуттатары 2006 жылы Қазақстанда азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа заң қабылдауы мүмкін. Қазір жаңа заңның тиімді және осал тұстары талқыланып жатыр.