Ресей мен Қытай Амур өзенінің суын бірлесіп тексеруге келісті

ХАБАРОВСК. Өткен айда Қытайдың химиялық зауытында орын алған жарылыстан Сонгхуа өзені уланған болатын. Ресмилердің айтуынша, уланған су енді Қытайдан Ресейге қарай жылжып барады. Бүгін Ресейдің Хабаровск қаласындағы билік орындары мен Қытай ресми өкілдері Амур өзенінің суын бірлесіп бақылау жөніндегі келісімге қол қойды.