Ресей өнеркәсіп және энергия министрі Христенконың хабарлауынша, Ресей мен Украина үстіміздегі жылдың соңына дейін газ жөніндегі өзара келіссөздерін аяқтамақ

Екі тарап газбен қамтамасыз ету мәселесінде бірер мәмілеге келуді қалайды. Сондай-ақ, екі ел арасында алдағы жаңа жылға арналған келісімге қол қойылуы тиіс. Мәскеудің көгілдір отын - газдың бағасын 3 есеге көбейтеміз деген мәлімдемесінен кейін, екі ел арасындағы келіссөздер тығырыққа тіреліп қалған болатын.