БҰҰ. Аталған комиссияның жетекшісі Детлев Мехлис Қауіпсіздік кеңесі алдында Дамаскімен ынтымақтастық дамып келеді, бірақ оның алда жалғасын табарына сенімім жоқ деген. Күдіктелген бес адамнан комиссияның Венада жауап алуына Сирия келісім берген. Комиссия басшысы Харири өлімінің жай-жапсарын тергеп-тексеру екінші жылға ұласуы мүмкін дейді. Мехлис кешегі күні Қауіпсіздік кеңесіне берілген есепте Харири мен тағы да 22 адамды құрбан еткен Бейруттағы бомба жарылысына Сирияның қатысы барлығы жөнінде өз командасының жаңа дәлелдер тапқандығын айтқан.