Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның мұнай тасымалындағы басты бағыт болып саналатын «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры іске қосылмақ. Дегенмен, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғана емес, Еуразия аймағы үшін де маңызды стратегиялық жобаға айналғалы отырған аталған мұнай құбырынан түсетін табыстан халық құр алақан қалмаса игі дейді бірқатар сарапшы мамандар.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметкері Ғалымбек Төлеуов Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы келісім бойынша, «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырының іргетасы 2004 жылдың 28 қыркүйегінде қаланып, өте қысқа мерзімнің ішінде салынып бітті дейді. Оның айтуынша, «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырының иесі және тапсырыс берушісі «Қазақстан-Қытай Тұрбақұбыры» ЖШС қазақ-қытай компаниясы бірлескен кәсіпорыны серіктестіктің жарғылық қоры болып табылатын 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жұмысты игерген. Сонымен 813 диаметрлі мұнай құбырының ұзындығы 962,2 шақырымды құрайды. Онымен жылына бірінші кезеңде 10 миллион, ал жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде 20 миллион тонна мұнай айдалады деп күтілуде. Сондықтан аталған мұнай құбырының тұсау кесеріне де үлкен маңыз беріліп отыр дейді Ғалымбек Төлеуов.
Осы жайтқа орай Қазақстандағы Қытай елшілігіне хабарласқанымызда, баспасөз қызметкері Чан мырза бұл Қытайдың Қазақстандағы экономика саласындағы ең ірі жобасы болғандықтан оның тұсаукесеріне Қытай үкімет басшыларының орынбасарлары да қатысқалы отырғандығын жеткізді.
Алайда Қазақстанның Қытай еліндегі бұрынғы елшісі, саясаткер Мұрат Әуезов бұл жоба көрші ел үшін қай жағынан алғанда да пайдалы болғанымен Қазақстан үшін болашағы бұлдыр екенін айтады. Дегенмен экономика ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Есіркепов аталған жобаның Қазақстан үшін экономикалық тиімділігі болатындығын алға тартып отыр.
Ал саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам бұл қадамның бірнеше қауіпті жақтары бар екенін айтады. Сонымен қатар С.Құттықадам мырза бұл жобаның Қазақстанның мемлекеттігіне тигізер зиянын о баста ойластыру қажет еді дейді.