Бүгін Стамбулда белгілі түрік жазушысы Орхан Памук ұлтқа тіл тигізіп, масқаралады деген айыппен сотқа тартылғалы отыр

Бұл дау-дамай Памук Швейцарияның бір журналына берген сұхбатында 1915 жылы Осман империясында армяндарға геноцид жасалған деп айтқанынан кейін өріс алды. Евродақтың хұқық қорғаушылары Памуктың сотқа тартылуы - Түркияның сөз еркіндігін қолдаймыз дегеніне күмән келтіреді деп сын айтуда. Анкара көптен бері Евродақпен осы одаққа мүше болу жөнінде келіссөз жүргізуде, оның басты талаптарының бірі - адам хұқтарының сақталуы.