Бұл бұрынғы басшы Саддам Хұсейн 2003-жылы тақтан құлатылғалы бергі өткізілген алғашқы парламенттік сайлауы. Ресми деректерге қарағанда, дауыс беруге 70 пайыздай азамат қатысқан. Дауыс берудің соңғы нәтижесі екі апта ішінде аяқталмақ. Демек, желтоқсанның соңына қарай төрт жылдық мерзімге сайланатын 275 Ирақ Ұлттық ассамблеясының мүшесі анықталып қалмақ. Ирақта өткен бұл сайлауды Ресей, Британия, Түркия секілді елдер құттықтап, Ирақ елі үшін маңызды оқиға болды деп есептейді. Президенті Буш АҚШ-тың өз мақсаттары жету жолында бұл сайлау үлкен игі қадам болды дейді.
- Бұл сайлау одақтас Ирақтағы демократия үшін ізгі қадам. Ирақтың өзін сақтап, қорғап қалуы үшін, лаңкестікке қарсы бірлесе күресіп, аймақтағы Иран, Сирия секілді өзге елдерге үлгі болып тұр, - деді АҚШ президенті.
БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан да сайлаудың ойдағыдай өткендігіне өз ризашылығын білдірді.