Араб сунниттерінің бірқатары Ирақта осы аптада өткен парламент сайлауы табысты болды деген баға беруде

Бағдад. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар ішінде сунниттер көп болған, Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари оларды Ирақтың жаңа парламентінде шииттермен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сунниттердің басты блогының жетекшісі Аднан әл-Дулайми Бағдадтағы баспасөз-мәслихатында сайлау жемісті өтті дей келе, көтерілісшілердің дауыс берулерге кедергі жасамағанына рахмет айтты. Дегенмен де әл-Дулайми өз тобы дауыстарды санау барысында қателіктер жіберілді деген учаскелерде қайта санақ жүргізетін болады деген еді. Ирақтың бұрынғы бас министрі, шииттер өкілі Ияд Аллауидің партиясы да дауыстарды санауда бұрмалаушылықтар орын алды деп шағымданған. Бұл аралықта сайлаудан кейінгі үшінші күні Ирақта аздаған қақтығыс орын алған. Киркукта бір офицер қаза тауып, тағы бір адам жарақаттанған.