Қазақ оппозициясы президент сайлауының қорытындысы жоққа шығарылсын дейді

АЛМАТЫ. Қазақстандағы оппозициялық партиялар елдің Жоғарғы сотынан 4-ші желтоқсанда өткен президент сайлауының нәтижесін жоққа шығаруды сұрады. Ресми деректерге қарағанда, ол сайлауда қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев 91 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен, ал оппозициялық үміткер Жармахан Туяқбай 6,6 пайыз дауысқа ие болған. Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы президент сайлауын сынаған болатын.