Саддам Хусейн билігі тұсында Ирақта жоғары қызметте болған, ал бұған дейін түрмеде отырған сегіз адам бүгін босатылды

Бұл жөнінде АҚШ әскери басшылығы айтып отыр. АҚШ полковнигі Барри Джонсон олардың есімдерін атай қоймаса да, ол тұтқындар бұған дейін қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп күдікке ілінгендігін еске салды. Ондай күдік тұманы сейіліп, азаттыққа шыққан ол тұтқындардың кейбіреуі Ирақтан тез арада шығып кеткен екен. Олардың екеуі Ирақтың бұрынғы министрлері және кейбіреуі Саддамның ұлы Удайдың достары болған көрінеді.