Ресми дерек бойынша Қазақстан халқының 30 пайызы темекіге тәуелді. Күніне республикада 70 адам осы темекінің құрбанына айналса, жыл сайын 25 мыңға жуық адам темекіден қайтыс болады екен. Мамандар бұл небәрі 15 млн ғана халқы бар Қазақстан үшін үлкен шығын, темекімен күресті күшейту керек, дейді.
21 жастағы Телжан Қоңырбаев темекіге бала кезінен әуестенгендігін айтады. Күніне 1,5 қорап шылым шегетін ол:
«Әзірге денсаулығыма әсерін сезе қойған жоқпын. 7 жылдай болды. Отбасында әкем тартпайды, ағам тартады. Ағама еліктеуден басталды ма, әлде жүрген ортамдағы балалардың әсері болды ма тартып кеттім. Тастағым келеді бірақ, оның жолын білмеймін”, - дейді.
«Қазақстанды темекіден азат ету» ұлттық коалициясының мәліметі бойынша, Телжан Қоңырбаев сынды темекіге тәуелді жандардың темекі өнімдеріне деген сұранысы 2,2 есеге артқан. Ал Алматы қаласында тек қана соңғы екі ай ішінде сөндірілмеген темекіден 20 өрт оқиғасы орын алып, одан 11 адам қаза тапқан. «Қазақстанды темекіден азат ету» ұлттық коалициясының жетекшісі Талапқали Ізмұхамедов:
«Азаматтардың заң алдындағы жауапкершіліктерін сезінбеуі, заңның орындалмауы жоғарыдағыдай қайғылы жағдайға соқтырып жатады. Біріншіден, темекімен күрес нәтижелі болу үшін алдымен оның қара базардағы бағасын көтеруіміз керек. Мысалы, бізде бір қорап темекі 50 теңге тұрады. Ал Тайландта темекінің бір қорабы біздің ақшамен 1500 теңге тұрады. Егер темекі біздің елде де осылай бағаланса онда адамдар ойланар еді. Екіншіден, темекі тартатын үш адамның бірі темекіні тастағысы келеді. Бірақ қалай тастайтындарын білмейді. Сондықтан біз Алматы қаласында таяу болашақта темекіден сауықтырумен шұғылданатын 35 орталық ашпақпыз”, - дейді.
Оның айтуынша, болашақта құрылатын бұл орталықтарда темекіні тастағысы келетін кез-келген азаматқа тегін медициналық жәрдем көрсетіліп, дәрі-дәрмектер таратылатын болады. Статистикалық деректер бойынша, Қазақстан халқының 30 пайызы темекіге тәуелді екен. Оның 23 пайызы 12 жастан асқан жасөспірімдер болса, 40,7 пайызы ер адамдар, ал 8,6 пайызы әйелдер еншісіне тиіп отыр. Жыл сайын 25 мыңға жуық қазақстандық темекі шегу салдарынан пайда болатын түрлі сырқаттардан көз жұмады екен.
«Темекінің дәмін татып көрдіңіз бе?» деген сауалдармен Алматы көшесіндегі жастарға микрофон ұсынғанымызда, олардың жауаптары мынадай болды:
- Тартып көрген емеспін, ол денсаулыққа зиян. Қазір жігіттер түгілі қыздардың өзі арап-шарап, темекі өнімдеріне құмар болып кетті ғой. Ұялу деген жоқ.
- Темекіні 10 кластан бастап шеккенмін. Қазір күніне 2 қорап темекі тартып қоямын.
- Үш тал күніне тартып тұрамын. Қазір соған үйреніп кеттім. Қызық үшін бастағанбыз.
«Темекіні тек ермек үшін бастаған жастар оның адам өміріне айықпас дерт алып келетіндігіне мән бермейді. Темекі өкпе, бүйрек, жүрек сияқты ішкі ағзаларға өте зиян. Онымен қоса көздің, мұрынның шырышты қабатын зақымдайды», - дейді Республикалық медициналық колледждің емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі Айжан Тәтібекова. Оның айтуынша, темекі шекпейтін отбасына қарағанда темекі шегетін отбасындағы балалардың тыныс органдарының жедел және созылмалы ауруларға жиі шалдығатыны дәлелденген.