Израиль бас министрі Ариель Шарон екі күндік жүрек талмасынан кейін емханадан шықты

Жасы 77-ге келген Шарон жұмысқа дайынмын деген. Алдағы Наурыз сайлауында Шарон бұрынғы бас министр Нетаняхумен бәсекеге түсуі мүмкін. Нетаняху күні кеше партия сайлауында жеңіп, Ликуд партиясының жетекшісі болып отырды. Ал ол партия жетекшілігінен кеткен Шарон жаңа орташыл партия - Қадиманы құрды.

- Менің бұл кеште айтпағым – Ликуд партиясы мемлекет жетекшілігіне қайта отыратын болады, - деді Нетаняху өз қолдаушылары алдында бүгін сөйлеген сөзінде.

Нетаняху Израильдың Ғаза аймағынан шығуына қарсы болған саясаткер.