Ирақтық сүннит араб қауымы өткен бейсенбіде болған парламенттік сайлау нәтижесін заңсыз, дауыс беруді қайтадан жасау қажет дейді

Бұл талапты бүгін Ұлттық келісім майданының жетекшісі әл-Дұлайми жариялады. Соңғы нәтижелерге қарағанда, бұл парламенттік сайлауда шииттердің блогы –Біріккен Ирақ алянсы 59 пайыз дауыспен 1-ші, ал Ұлттық келісім майданы 19 пайыз дауыспен 2-ші орынды иеленген. Бағдад пен оның аймағындағы уалаяттар басқа аймақтарға қарағанда 3 есе көп дауыс жинаған. Бұл арада АҚШ әскерилерінің хабарлағанындай, Саддам Хұсейн үкіметінен 8 бұрынғы ресми басшы түрмеден босатылған. Олардан енді қауіп жоқ көрінеді.