Чад үкіметі көршілес Судан мемлекеті ішкі шаруаларымызға араласып шектен шықты, сондықтан Суданға соғыс жариялаймыз деді. Чад үкіметі Судан президенті Омар Хассан Ахмед Ел Бечирді "Чад елінің жауы" деп жариялайтын уақыт келді деп мәлімдеді. Чад елінің президенті Судан президенті тұрақтылығымызды бұзғысы келеді, үкіметімізге қарсы бүлік шығарған көтерілісшілерді қолпаштайды деп айыптады. Чад пен Судан арасындағы текетірес халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызды. Чад елінде оның үстіне Суданның Дарфур өлкесінен қашқан 200 мың босқын жан сауғалап жүр.