Ресми мәлімет бойынша, техникалық себептермен қазақстандық тұңғыш жасанды жер серігін ұшыру алдағы жоспардан 5 айға кейінге қалдырылды. Қазақстан жағы серік 29 желтоқсанда ғарышқа жіберіледі деп хабарлаған. Ал, Ресей жағы бұл серікті ұшыратын зымыран жоқ деген себеппен оның ғарышқа шығу мерзімін келесі жылдың екінші тоқсанының ортасына дейін шегерді.
Жалпы ғарыш бағдарламасы шеңберінде 2 ірі жоба жүзеге асырылмақшы. Біріншісі, теледидар және байланыс саласын дамытуға қажет «ҚазСат» атты жасанды жер серігі. Ғалымдардың пікірінше Қазақстан бұл жасанды жер серігін Ресей мамандарына жасатып шығындалған, дегенмен бұл коммерциялық жоба емес, Қазақстан үкіметінің жаңадан қолға алынған ғарыш саласына жасаған қолдауы, дейді ғалымдар. Бұл орайда Қазақстанның ұлттық аэроғарыш комитетінің маманы Нұрлан Өтембаевтің пікірі мынадай:
- Ғарыш инфрақұрылымын салу үшін, маман керек. Мамандар Қазақстанда бар, бірақ, көп емес.
Ғарышты игеру саласындағы Қазақстан мамандары Ресейде, Францияда және Үндістанда дайындалады. Бұл елдерде ғарыш саласына орасан қаражат бөлінеді, дейді қазақстандық ғалымдар. Мысалы, Үндістанның өзінде жыл сайын ғарыш саласына 1 миллиард доллар бөлінеді. Ал, Қазақстан үкіметі өкілдерінің пікірінше, «ҚазСат» Орталық Азия, Қапқаз, Молдова, Украина тіпті Мәскеу облысында қамти алады. Бастысы, қазақстандық жасанды жер серігінің көмегімен жасалатын байланыс, қазіргі операторлардың қызметтерімен салыстырғанда сәл арзанырақ болады, дейді мамандар. Ионосфера институтының директоры Виктор Дробжевтың сөзіне қарағанда, қазақстандық операторлар «К-мобайл», «К-сел» желілеріне басқа жер серіктерін пайдаланғаны үшін, жыл сайын 30-40 миллион доллар төлеуге мәжбүр.
Бағдарламадағы екінші ірі жоба «Қазсат» сияқты жасанды жер серіктерін орбитаға шығаратын «Бәйтерек» зымыран кешені. Алматыдағы астрофизикалық зерттеулер орталығының маманы Есмаханбет Исмаилдің пайымдауынша, орбитаға ауыр аппараттарды шығаратын ғарыш кешендері әлемде тек бірнешеу ғана, демек, «Бәйтеректің» Қазақстан үшін тиімділігі арта түспек:
- «Бәйтерек» ғарыш кешенін пайдаланып біз өзіміздің жасанды жер серіктерін ғана емес, өзге елдердің де серіктерін орбитаға жібере аламыз.
Бірақ, жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның ғарыш бағдарламасында белгіленген ірі жобаларды жасау Ресей мамандарына жүктелген, ал ресейліктер болса, Қазақстан жоспарлаған мерзімде жасанды жер серігін ұшыра алмаймыз, деп отыр. Ғарыштық байланыс орталығынының вице-президенті Ғабдуллатиф Мырзақұловтың айтуынша, Қазақстан жағынан барлық жұмыстар аяқталған:
- Біз толық мемлекеттік актіге қол қойғанбыз.
Ғарыштық байланыс орталығынының вице-президенті Ғабдуллатиф Мырзақұловтың айтуынша, Ресей жағынан мерзімді ығыстырудың негізгі себебі айтылған:
- Олар жер серігін ұшыратын зымырын жоқ деп отыр.
Ал, Қазақстанның ғарыш саласын әрмен қарай дамытудың 3 жылдық бағдарламасына 47 миллиард теңге сұралған. Бұл 360 миллион доллардан сәл көбірек.