Сахалин облыстық прокуратурасының өкілі Таня Кутузованың айтуынша, ол кемеден заңсыз ұсталған 25 тоннадай балық тәркіленген. Орыс теңізшілері украиналық азаматтарды жарты жыл бойы құл етіп ұстаған. Алты-жеті ай бойы төлемақысыз жұмыс істеген олар қызмет ақысын талап еткен кезде оларға тамақ та, су да бермей азаптаған. Міне, енді Ресейліктердің үстінен тергеу басталып отыр.