Комиссия жетекшісі Торшинның айтуынша, Парламенттің қос палатасына ұсынылмақ бұл 280 беттік баяндамада сенсация дерлік ешқандай жаңа мәлімет жоқ көрінеді. Зерттеудің қорытынды есебінде жазылғанына сену мүмкін болса, ол кезде Бесландағы мектептен тұтқындарды азат ету кезінде, орыс әскерлері ешқандай қателік жібермепті. Бірақ ол операция кезінде қаза тапқан 330 Беслан азаматының туыстары қауіпсіздік күштері ол кезде өз жұмысын талап деңгейінде дұрыс орындамады деп айыптайды.