Мәскеу түбіндегі психоневрологиялық интернатта болған өрттен 12 адам құрбан болды

МӘСКЕУ. Бүгін таңертең Шатур ауданында орналасқан “Дмитриевский погост” кентіндегі психоневрологиялық интернат өртеніп, кем дегенде 7 адам құрбан болды және тағы 12-сі түрлі жарақат алып, поселкелік аурухана жеткізілді. Интернатта 53 сырқат пен 2 қызметкер болған. Прокуратура бұл өрт қасақана ұйымдастырылуы мүмкін деп мәлімдеп, тиесілі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.