Швейцария осы елде тұтқында отырған Е.Адамовты Ресейге қайтармақ

АҚШ-тың бізге беріңдер деген өтінішіне қарамастан, Швейцария Ресейдің бұрынғы Атом қуаты министрі Евгений Адамовты Ресейге кері қайтармақ. Мұндай шешімді Швейцария Жоғарғы соты шығарды. Е.Адамов АҚШ-тың талабымен өткен мамыр айында Швейцарияда тұтқындалған болатын. Оған Ресей ядролық қауіпсіздігі үшін бөлінген ақшаны жеке мақсатта пайдаланған деген айып тағылған. Ресей Адамовтың Ресей заң орындарына жауап беруін талап етеді.