Президент Путинның Украинаға Ресей газы үшін ұсынған 3 млрд 600 млн долларлық несиесін Украина президенті алмаймыз деп кері қақты. Ресейлік Газпром тағы да кезекті рет, жаңа келісім-шартына Украина көнбесе онда, қаңтардың 1-інен бастап газ беру тоқтатылады деп ескертті.
Кеше Ресей президенті В.Путин, Мәскеу келіссөздері кезінде, Украина президентіне арнап былай деді:
- Біз екеуміз бұл жиындағы өкілдерге, екі ел арасындағы бұл энергетика саласындағы мәселе ғана емес, өзге жағдайлар бойынша да нағыз тығырыққа тірелдік деуіміз керек. Бұл - өте жаман жағдай.
Ресей бір мың шаршы метр газ үшін Украинадан 230 доллар талап етіп отыр, ал президент Ющенко 80 доллардан асырмаймыз дейді. Ющенконың айтуынша, Украинада қыстан аман-есен шығуға жетерлік газ қоры бар екен. Газ жөніндегі келіссөздер бүгін одан әрі жалғасады.