Каир. Мұндай шақыру жазылған видеотаспаны кеше әл-Жазира телеарнасы көрсеткен. Әл-Қаида жетекшісі Буш Ирақ пен Ауғанстандағы ұтылысын мойындауы керек, жақын арада ол Палестинада да осындай жеңіліске ұшырайды деп айтқан. Әл-Жазира телеарнасы аталған видеотаспаны желтоқсан айында жазылған деп хабарлады, бірақ нақты қай күні жазылғаны турасында ешнәрсе айтылмаған.