Украина мен Грузия президенттері Виктор Ющенко және Михаил Саакашвили Қазақстан президентінің инаугурациясына қатысамыз деп мәлімдеді

Киев. Жеті жылдық мерзімге қайта президент болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың таққа отыру салтанаты 11 қаңтарға белгіленген. Ющенко Астанадағы сапар барысында бірқатар кездесулер өткіземін десе, Михаил Саакашвили Назарбаевпен инвестициялық жобаларды талқылайымз дейді.