Шарон жатқан Хадасса ауруханасының бас нейрохирургы Феликс Уманский Шаронның миына қаншалықты зақым келгенін нақты анықтауға бірнеше күн кетеді деп атап өтті. Аурухананың директоры Шломо Мор-Йосеф болса, Шаронның өз бетімен тыныс ала бастағанын, алайда әлі де тыныс беру аппаратына қосулы екенін хабарлады. Ол, сондай-ақ, Шаронның оң жақ аяқ-қолдары қимылдағанын да хабарлады. Жексенбі күні емдеуші дәрігерлер мен Шаронның саяси одақтастары 77 жасар үкімет басының ендігәрі саясатқа белсенді араласуы екіталай деген болатын.