Силвас аймағындағы бұл жағдай расталса, онда ел бойынша аталған дертке шалдығушылар саны кем дегенде 15-ке жетпекші. Оның үшеуі көз жұмған. Ресми өкілдердің сөзіне қарағанда олардың барлығы да ауру құстардан бұл инфекцияларды жұқтырған. Әзірге адамнан адамға аталған сырқаттың көшу белгісі байқалмаған. Дей тұрғанмен, Түрік өкіметі бірнеше мыңдаған үй құстарын жоюды одан әрі жалғастыруда.