Украина Парламенті ел үкіметін тарату жөнінде шешім шығарды

Ресеймен арадағы газ келісіміне орай ел үкіметін депутаттардың қатты сынға алуы осындай шешімге әкеліп отыр. Парламенттің 450 мүшесінің 250-і үкіметке сенімсіздік таныту жөніндегі ұсынысты қоштап дауыс берген. Жаңа үкімет құрамы белгіленгенге дейін қазіргі үкіметтің өз қызметін жалғастыра беруін Парламент сұрады.