АСТАНА. Грузия президенті М.Саакашвили Қазақстанды Грузиядан Ресейді ығыстырып, жетекші инвесторға айналғанын көргісі келетінін мәлімдеді. Кеше ол Астанада Қазақстанның ТұранӘлем Банкісімен Қара теңіз жағалауындағы Аджария республикасының қонақжай инфрақұрылымын дамыту туралы келісім-шартқа қол қойды. Астанада сапарда жүрген М.Саакашвилидің айтуынша, ТұранӘлемБанк Аджарияда бірнеше қонақ үй тұрғызады. Грузин президенті аталмыш аймақ 2008-інші жылға қарай аса жайлы курортқа айналады деп үміттенеді. Өткен тамыз айында Грузияда өзінің бөлімін ашқан ТұранӘлемБанк Грузия астанасының орталығындағы “Иверия” қонақ үйінің күрделі жөнделуін қаржыландырып отыр.