ЕуроОдақтың алдында шешімін күтіп отырған Таулы Қарабақ, Оңтүстік Осетия секілді аймақтық жанжалдар бар, дейді 2006-жылда ЕҚЫҰ президенттік кезекшілігін атқарушы Бельгия Сыртқы істер министрі Карел де Гухт.
Еуропада, әсіресе шығыс аймақта, өткен онжылдықтан, соңғы жылдардан қордаланып қалған бірқатар мәселер баршылық. Жоғарыда айтылған Таулы Қарабақ, Оңтүстік Осетияға қоса Молдова және Қапқаз елдерінде ұлттық, әкімшілік, аумақтық шекара мәселесінен бастап, әсірешілдік, жікшілдік, лаңкестік секілді шешілуі тиіс бірқатар шаралар бар.
Бельгия Сыртқы істер министрі де Гухтың пікірінше, алдымен, Еуропалық ұйымға мүше 55 мемлекеттің 100 пайыз болмаса да, басым көпшілік дауыспен өзара мәмілеге келетіндей іс-әрекет және шешім болуы қажет. Сондай-ақ, аймақтық тікелей жауапкершілікке ие елдің бірі - Ресей алдында да үлкен жауапкершілік тұр, дейді Карел де Гухт. Бірақ, оның айтуынша, Ресей барлық жауапкершілікті ЕҚЫҰ-ның үлесіне қалдырып, өзі тікелей белсенділік таныта алмай отырғандай. Осы ұйымға кезекші президент Бельгия сыртқы істер министрі былай дейді:
«Меніңше, аймақтық мәселелер жөнінде кесімді шешім айту тікелей ЕҚЫҰ-ның міндетіне кіре қоймас. Ал әзірше бұл президенттік, әсіресе Преднестровье мен Молдоводағы жанжалдарды шешуге тырысуы керек».
Дегенмен, сол де Гухттың өзі Преднестровье мәселесін қалай шешудің кілтін таба алмай отырғандай. Оның пікірінше, ұйым бұл мәселеде саяси дауласуға жол бермей, мәмілегерліктің дұрыс жолын табу қажет деп есептейді. Де Гухт Кишиневтың унитарлық мемлекет жөніндегі көзқарасын ашық сынайды.
«Бұл аймақтағы күрделі жанжалдың бірі - Молдовоның унитарлық мемлекеттік жүйе жөніндегі талабы. Ал біз алдымен саяси мәселеден гөрі әскери шаруаларды шешіп алғандығымыз жөн деп есептеймін», - дейді Карел де Гухт.
Осы арада еске сала кеткен жөн, 1999-жылғы Истанбул шартына орай Ресей 2002-жылға дейін Преднестровье мен Молдоводан өз әскерлерін алып шығып кетуі тиіс болатын. Бірақ Ресей өз міндетін орындамады. Сондықтан Бельгиялық министр Ресейден өзінің сол армиясының ең болмағанда жартысын алып шығып кетсе деген талабын қойып отыр.
Сонымен, де Гухтың пікірінше, Ресейлік қосындар біртіндеп бірнеше кезеңмен шығып кетуі тиіс екен. Одан кейін ғана саяси мәселеге кірісуге болады, дейді де Гухт. Сондай-ақ, оның айтуынша, ол өзінің ресейлік, румыниялық және украиндық әріптестерімен көп әңгімелескен. Енді ол елдердің өзіне де барып талқыламақ.
Карел де Гухттың айтуынша, ондаған жылдардан кейін енді ғана Таулы Қарабақ мәселесін талқылауға мүмкіндік туа бастағандай.
«Соңғы жылдары Әзербайжанда президенттік, парламенттік сайлаулар, Арменияда Ата заң бойынша референдум өтті. Міне, енді ғана ол жердегі аймақтық жанжалдарды талқылауға саңлақ ашылғандай», - дейді де Гухт.
Карел де Гухт Қапқазға қаңтардың 24-26 күндері барып, Армения және Әзербайжан президенттерінің ақпанға жоспарланған кездесуіне дайындық шараларын қарастырмақ. Де Гухтың айтуынша, ЕҚЫҰ ол кездесуге бақылаушылар, тіпті бейбітшілік күштерін де жіберуге дайын екен.
Карел де Гухттың осы кезге дейін орындаған тағы бір шарасы, ол Ресей және Грузия сыртқы істер министрлерімен кездесіп, түрлі-түсті төңкерістерден кейінгі бұл екі ел арасындағы байланыстар жөнінде пікір алмасқан.