Дж.Буш: “Иранның ядролық қару шығаруына мүмкіндік беруге болмайды, ол әлемге және Израильге қатер төндіреді”

ВАШИНГТОН. Кеше Германия канцлері А.Меркельмен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Дж.Буш Иранның “ядролық мәселесін” ендігі жерде БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі қарауға тиіс деп мәлімдеді: “Біз Иран проблемасын өзара ынтымақтаса отырып, дипломатиялық жолмен шешу керектігін талқыладық” деп атап көрсетті ол. Оның айтуынша, Иранның ядролық қару шығаруына мүмкіндік беруге болмайды, өйткені ол әлемге және Израильге қатер төндіреді. А.Меркельдің мәлімдеуінше, өзінің ядролық ізденістерін қайта жалғастыруына қарамастан Иран Батыс елдерін қорқыта алмайды. Дж.Буш пен А.Меркельдің Вашингтондағы келіссөзі барысында неміс канцлері тұтқындарды Американың Гуантанамодағы соғыс базасында ұстаудың заңдылығына алаңдаушығын білдірді.