ВАШИНГТОН. Американың 7 жыл бойы бос кеңістікте ұшып жүрген “Стардаст” (The Stardust) ғарыштық аппараты бүгін жерге оралуға тиіс. Ғарышкерсіз ұшатын “Стардаст” аппараты ғарыштағы миссиясы кезінде жұлдыздардың араларындағы кеңістіктен шаң-тозаң мен бірнеше кометадан олардың құраған заттардың үлгілерін жинады. Ғалымдар осы үлгілеріді зерттеп көрген соң Галактика мен Күн жүйесінің қалай пайда болғаны туралы тың мәлімет алуға болады деп үміттенеді.