Чилиде Мишель Башле ханым президент болып сайланды

САНТЬЯГО. Сөйтіп бұл елде алғашқы рет әйел кісі президент лауазымына ие болды. Жексенбі күні өткен президент сайлауында Мишель Башле 53 пайыз дауыс жинаған, ал оның консервативті бәсекелесі миллионер Себастьян Пинера 46 пайыз дауысқа қол жеткізген.