Украина Ресейдің Қара теңіз флотының өз портында орналасқаны үшін төленетін ақыны төрт есеге дейін ұлғайтпақшы

Киев. Бұл турасында Украинаның қорғаныс министрі Анатолий Хриценконың «Коммерсант» Украина газетіндегі сұхбатында айтылған. Ресей мен Украина арасында табиғи газ бағасы мен Қырымдағы бағдарлау хұқына байланысты қарым-қатынастар осылайша күрделене түскен. Украина қорғаныс министрі орынбасырының сөзіне қарағанда Украина Қара теңіз флоты пайдаланып отырған мүліктің инвентаризациясын жүргізбекші. 1997 жылы жасалған келісімге сәйкес, Украина Ресейдің Қара теңіз флотына Севастополдегі портта жылдық 98 миллион доллар жалдық ақымен 2017 жылға дейін қала беруге рұхсат еткен болатын.