Сауд Арабиясы мен Египеттің ресмилері АҚШ-ты Иранның ядролық бағдарламасы турасында төзімділік пен шыдамдылыққа шақырды

Әр-Рияд. Бұл уақытта Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығы ұлғая түсті. АҚШ пен Европа одағы Иран уранды байытуды қайта бастағандықтан оның мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне шығарып, санкциялар салу мүмкіндігін қарастыру керек дегенді мәлімдеген. Халықаралық атом энергиясы агенттігі келесі айда өзінің төтенше мәжілісін шақырғалы отыр. Әзірге Қауіпсіздік кеңесінің негізгі екі мүшесі Ресей мен Қытай Иранға шектеулер салу мәселесіне қолдау көрсете ме, жоқ па - ол жағы айқын емес. Осыдан аз ғана бұрын Ресей өз ұстанымының АҚШ пен Евродақтың ұстанымына жақын екендігін айтқан болатын. Иран болса бұрынғысынша ядролық қару алу үшін әрекет етіп жатпағандығын мәлімдеп, Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастықты тоқтатамыз деп ескертті.